Мектеп тарихы » "С.Сауранбаев орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Сауранбаев орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2017

Мектеп тарихы


 

 

Алматы облысы

Райымбек ауданы

С.Сауранбаев атындағы орта мектеп тарихы

 

Мектеп тарихы

 


 

 

 

Сарыбастаудағы Кеңес одағының жүйесімен білім беретін алғашқы мектеп 1921 жылы ашылды. Бірақ ол мектептің қазіргі мектептен айырмашылығы, сауат ашсам деген ниеті бар өрендер кәдімгі киіз үйде, түңлікті түріп қойып, әріп таныды. 1928-29 жылдары бастауыш мектеп оқушыларға есік ашты. Оның алғашқы мұғалімі, әрі меңгерушісі А.Қалдыбаев болды. 1930-1933 жылдары төртінші сыныпта 8 оқушы оқыды (Дулатбаев Кегенбай, Жазықбаев Омаржан, Қасенғазиева Зақан т.б). 1934 жылдары Қатубаев Нұрғали директор болып келгенде 1-сыныптағы Дулатбаев Бідібай, Солтанбеков Сарыбай, Қасымов Қожамберді, Есжанов Құдайберген сынды оқушыларға Боқаев Нұрабай, Есенбаев Айтбай, Ібітанов Жұмаділдер ұстаздық етті. Ол кездегі қаламұш, қарындашты суға езіп жазатын.

1935-1941 жылдары мектепке Бейсенбаев Шәріпақын директор болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1946-1959 жылдары мектепті Көмекбаев Баданбек, Ібітанов Жұмаділ, Момбекбаев Бердібек, Тоқтақынов Тоқтарбек басқарды. 1948-1951 жылдары Жәлел Жұманов, Сауранбаев Нұрмақ, Қасенғазиева Зақан, Атанбаева Айсұлу т.б. мұғалім болды. 1948 жылы соғыстан соң етек-жеңін енді жинаған ауыл мектебінің 1-сыныбына 30 оқушы барды (16 қыз, 14 ұл).

 

 

Ал, 1951 жылдан бастап, оқушы санының көбеюіне байланысты мектеп 7 жылдық білім беретін болды, мұғалімдері: Үмбеталиев Мәлік тарихтан, Боқаев Б. биологиядан, Кішкенебаев Оразай қазақ тілінен, Бүйенбаева Мария орыс тілінен сабақ берді. Жыл сайын мұғалімдер қатары артып, 1960 жылы мектепте барлығы 25 мұғалім қызмет етті. 1959-1960 жылдары Сарыбастауда Н. Әшімбаев бастамасымен қаладан құрылыс бригадасы жасақталып, таза ағаштан екі қабатты мектеп тұрғызылды.

Әбдісүлейменов Шоғанбек, Дәуқабақов Қасымбай, Бердікбаев Әбдіқадырлар осы жаңа білім ордасында басшылық жасады. Араға он жыл салып, 1970 жылы 3 қабатты мектеп пайдалануға берілді. Директоры Мұстафаев Төленбай болды. Ол туралы Н. Әшімбаев атамыздың өзі «Ғасырға ұласқан ғұмырым» атты кітабында былай баяндайды: «Мектепке баратын ұл-қыздардың саны көбейген кезде мектеп мәселесі маза бермеді. Ауылда бастауыш сыныпты бітіреді, одан кейін барып басқа жаққа жалғастырады. Ағайын-туыстарының үйінде немесе мектеп-интернатта жатып оқыды дегенмен, ата-ана байқұстың көңілі алаң. Қой биылғы құрылыс жұмысының ең негізгісі етіп мектеп үйін тұрғызуды қолға алайын дедім де, қалаға барып құрылыс бригадасын жасақтап әкелдім. Қайткенде де оқушы балаларымыз жаңа оқу жылын осында бастасын деген ойымыз жүзеге асты. лдабергенов басқаратын аты аңызға айналған шаруашылықтарда да дәл осындай жағдай жасалған жоқ еді». Қоңыр күзде 350 оқушыға арналған ғимараттың ашылу тойын бүкіл аудан атап өттік. Оған ауылдан, облыс аумағынан ғана емес, республикадан қадірлі қонақтар шақырдық. «Баланың бірін қуандырсаң, періштенің мыңы қуанады». Бастауыш мектепті бітіре салып, енді балаларымызды қайда оқытамыз деп әке-шешелері де бас ауыртып сабылмайтынына шаттанды. Кең бөлмелеріне күміс күннің нұры молынан төгіліп, едені айнадай жарқыраған жап-жаңа ғимарат бүлдіршіндердің де көңілін көкке көтерді. Кеңейген мектепке мұғалімдікке келген жас мамандар да көбейді. Арада біраз жыл өткенде зәулім боп көрінген алтын ұя тарлық ете бастады. Сыныпқа сынып қосылды. Орталау мектепті тәмамдаған ұл-қыздарды шашыратпайық деп, уақыт талабына сай, үш қабатты мектеп құрылысын бастап кеп жібердік. Әйтпесе, орта мектеп контингентін де «мә» деп бере салмайды екен. Енді оның да машақаты алдымнан кесе-көлденеңдеп шықты. Қайта-қайта ауданға, облысқа шапқыладым. Оқу министрлігі әйгілі партизан-жазушы Әди Шәріпов еді, жағдай айтып қабылдауына бардым. Ал мектеп жобасының жұмысына сол кездегі Целиноград облысындағы бір мектептің үлгісін таңдаған едік. Мемлекеттен бір тиын да сұрамадық. Колхоз қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Ішіндегі құрал-жабдықтардың бәрі де өзіміздің ақшаға сатып алынды. Өстіп бір жарым мың бала оқитын ғимаратты іске қостық. Оқу бір кезекте жүргізіледі. Менің білуімше, мұндай жағдай Қазақстанның бірде-бір жерінде болған емес. Сол заманда Талдықорған облысындағы Головацкий, Алдабергенов басқаратын аты аңызға айналған шаруашылықтарда да дәл осындай жағдай жасалған жоқ еді».

1960-1994 жылдары Сарыбастаудағы мектеп «Ленин атындағы орта мектеп» деп аталды. Оқушы саны – 700, мұғалім саны – 55-ке жетті.

1964-1965 оқу жылында мектептің алғашқы алтын медаль иегері, сыншы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев болса, Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа судьясы Құрықбаев Әділ 1972-1973 жылы мектептің екінші алтын медаль иегері атанды.

 

 

 

 

1.Жұманов Жомарт Кеңесұлы

 

2.Қожамкулова Гүлбану

 

3.Шыңғысов Серік

 

4.Талипова Ләззат

 

5.Мұқаманова Әлия

 

6.Сыдықбаева Гүльнар

 

7.Оразымбетова Жанар

 

8.Анепияева Жанат

 

9.Жұманова Ақмарал

 

10.Момбаев Саят

 

11.Кәдірахманова Самал

 

12.Мақажанова Мадира

 

13.Оразымбетова Гүлбақыт



 

Ал, 1994 жылдың қараша айында қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Сұраншы Сауранбаевтың есімі берілді.

1971-1978 жылдары Нұрмаханбетов Кенже, 1978-1990 жылдары Асанов Әбдіке, 1990-1993 жылдары Құтпанбаев Әбіжан, 1993-1997 Құлмұханбетов Нұрлан, 1997-2001 жылдары Ақаева Әлия, 2001-2009 жылдары Мәсімғазиева Жұмакүл басшылық жасады.

2009 жылдан бастап Молдасан Ауғали басшылық жұмыста.

Құрмет белгісі – Д. Шоғанбекова

Ы.Алтынсарин атындағы медаль –Шахамова Айбүбі,

Халық Ағарту ісінің үздігі - С.Көмекбаева, Қ.Талипов, Қ.А. Молдасан марапатталған.

Әр жылдағы мектеп директорлары:

 

1. А.Қалдыбаев

 

2. Н.Қатубаев

 

3. Б. Көмекбаев

 

4. Б.Момбекбаев

 

5. А. Жанысов

 

6. Т.Тоқтақынов

 

7. Ш.Әбдісүлейменов

 

8. К.Дәуқабақов

 

6. Т.Тоқтақынов

 

7. Ш.Әбдісүлейменов

 

8. К.Дәуқабақов

 

9. Ә. Берікбаев

 

10. Т.Мустафаев

 

11. К.Нұрмұханбетов 1971-1978ж

 

12. Ә.Асанов 1978-1990ж

 

13. Ә.Құтпанбаев 1990-1993ж

 

14. Н.Құлмұханбетов 1993 -1997ж

 

15. Ә.Ақаева 1997-2001ж

 

16. Ж.Мәсімғазиева 2001-2009ж

 

17. А. Молдасан 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін мектеп басқаруда. " Білім беру ісінің озық қызметкері ”


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив